Есенов университетінде ақын Айт-ман Светқали Нұржанмен кездесу кеші өтті
Бүгін Есенов университетінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, дара тұлға, ақын Светқали Нұржанмен рухани кездесу кеші өтті.
Кеш барысында ақын оқырмандармен еркін сұхбат құрып, шығармашылық жолы мен поэзияның терең мәні жайында сыр бөлісті. Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Әдеби кеш қонақтарының қатарында автордың сөзіне жазылған әндерімен әсерлі сәт сыйлаған Айгүл Құбаш, Жоламан Көшкінов, Есенбай Құли және күйдің күмбірін әуелеткен Әлия Қарамұхан болды.
Шара барысында студенттер ақынға арнаған жүрекжарды өлеңдерін оқып, сондай-ақ Светқали Нұржанның туындыларынан үзінділерді нақышына келтіре орындады.
Кездесу рухани терең мазмұнмен өріліп, қатысушыларға ерекше шабыт пен әсер сыйлады.
