«Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дің (Yessenov University-дің (бұдан әрі — YU) жетекші құрылымдық бөлімі болып табылатын университет кітапханасы жұмысының негізгі мақсаты: оқу-тәрбие үрдістерін, оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми зерттеулерін, қызметкерлер, магистранттар, студенттердің кәсіптік білім алуы үшін сапалы ғылыми еңбектермен, оқулықтармен, мерзімді басылымдармен қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз ету.
Оқырмандарға тек оқу-әдістемелік бағытта ғана емес, олардың әртүрлі сұранысын қанағаттандыратын ғылыми және кәсіби қызметіне ықпал ететін кез-келген заман талабына сай жаңа ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету, оқу мәдениеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу.