kkruen

Кітапхана ережесі

Ш. Есенов атындағы КМТИУ ғылыми кітапханасын пайдалану ережесі

Осы ереже «Ш. Есенов атындағы КМТИУ (Yessenov University-дің (бұдан әрі — YU) ғылыми кітапханасы туралы ереженің» негізінде құрастырылды және кітапханалар мен кітапхананы пайдаланушылар арасындағы қатынасты реттейді.

Оқырмандар құқығы:

Оқырманның:

  • ҒК ұсынатын кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызметтің негізгі түрлерін пайдалануға;
  • ҒК қорының құрамы туралы толық ақпарат және ақпарат көздерін іздеу мен таңдауға кеңес түрінде көмек алуға;
  • құжаттарды уақытша пайдалану үшін үйге немесе оқу залына алуға;
  • кітапхана аралық абонемент бойынша құжаттарды немесе олардың көшірмелерін немесе белгіленген тәртіп бойынша құжаттарды электрондық жеткізуге;
  • ҒК өткізетін іс-шараларға қатысуға;
  • ҒК-ның әкімшілігіне әртүрлі сұраныстармен және ұсыныстармен шығуға құқықтары бар.

Оқырмандардың міндеттері:

Ғылыми кітапхананы пайдаланудың осы ережесін орындауға міндетті:

  • ҒК қорынан алынған кітаптарға және басқа құжаттарға ұқыпты қарап, оларды белгіленген мерзімде қайтаруға;
  • әдебиеттерді алған кезде әрбір басылымды қарап шығып және қандай да болмасын ақау тапса ол туралы ҒК қызметкеріне хабарлайды, құжаттарды соңғы пайдаланған оқырман жауап береді;
  • жыл сайын оқу жылының басында қолда бар барлық басылымдарды көрсетіп, қайта тіркеуден өту қажет; қайта тіркеуден өтпеген оқырманға қызмет көрсетілмейді;
  • университеттен кеткен кезде ҒК-ға барлық басылымдарды, оқырман картасын өткізулері және кету қағазына қол қойғызулары қажет;
  • басылым жоғалған немесе бүлінген жағдайда ҒК мойындаған және құнына сай жоғалған басылымды ауыстыру қажет (орнын толтыру керек);
  • ҒК-ға келгенде тыныштық пен тәртіпті сақтауға және басқа қызметкерлермен, оқырмандармен сыпайы қатынасты ұстауға міндетті.

Оқырмандарға рұқсат берілмейді:

  • аспа басылымдарын және басқа құжаттарды, егер олар оқырман формулярында жазылмаған болса, ҒК-ның бөлмелерінен алып шығуға;
  • оқырман картасын өзге адамға беруге;
  • ҒК-да орналасқан дербес компьютерде әртүрлі жұмыс түрлерін рұқсатсыз орындауға;
  • ҒК бөлмелеріне сыртқы киіммен кіруге рұқсат етілмейді.

ҒК-ның құқығы мен міндеттері:

ҒК өзінің қызметінде оқырман құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ғылыми кітапхананың міндеттері:

  • университет бейініне сәйкес өзінің қорын қалыптастыру;
  • ҒК барлық қағаз, электрондық аудио-бейне және басқа тасушылардағы қорларына оқырмандардың қатынасуын қамтамасыз ету;
  • оқырмандарға каталогтар жүйесі және кітапханалық ақпарат беру арқылы кітапханалық қордың құрамы туралы толық ақпаратты ұсыну;
  • оқырмандарға ақпарат көздерін іздеу және таңдауға кеңес береді, олардың ақпараттық мәдениетін көтеруге көмектесу;
  • ҒК-ның қорындағы құжаттарды пайдаланады, сақтайды және есебін жүргізеді;
  • өз қорларының түгел сақталуына жауап беру;
  • оқырмандардың жоғары деңгейлі рухани және адамгершілігін қалыптастыруға, кең ғылыми ой-өрісін дамытуға, шығармашылық ойлауды қалыптастыруға септігін тигізетін және ары қарай өздігінен білім алу қабілетін қалыптастыру үшін гуманитарлық-ағартушылық жұмыстарды жүргізіп, көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру;
  • кітапханада оқырмандарға жайлы жұмыс істеуін қолдап және жағдай жасау.

Оқырмандардың жазылу тәртібі:

Оқырман ҒК-ға жазылу кезінде белгіленген тәртіпте осы ережемен танысады:

  • профессор-оқытушылар құрамы мен cтуденттер, магистранттар және аспиранттар ҒК-ға YU –не оқуға қабылданғаны туралы бұйрық негізінде жазылады;
  • ҒК-ға жазылу оқытушылар мен қызметкерлер YU -нің қызметкері жеке куәлігін, қызметкерлерді басқару бөлімінен алған анықтаманы көрсетулері керек;

Абонементті пайдалану ережесі:

Абонементтегі басылымдар үйге мына төмендегі мерзімдерге беріледі:

  • оқу басылымдары – студенттерге, магистранттарға оқу бағдарламалары мен жоспарларына сай бір семестрге немесе оқу жылына; оқытушыларға, аспиранттарға – оқу жылына (15 данадан асырмай) беріледі;
  • оқытушылар жаз кезеңінде жұмыс істеу үшін оқу әдебиеттерін 7 данаға дейін ала алады;
  • өте қажет оқу басылымдары “қысқа мерзімді абонементке” кіргізіледі (10-нан 30 күнге дейін);
  • ғылыми басылымдар 20 күнге 7 данаға дейін барлық оқырмандарға беріледі;
  • көркем әдебиеттер 10 күнге дейін беріледі;
  • көптомдық басылымдар бір уақытта 2 томнан артық берілмейді;
  • ғылыми және көркем басылымдарды басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса (немесе қысқартылған, егер басылым жоғары сұранысқа ие болса) пайдалану мерзімі ұзартылуы мүмкін;
  • оқырман басылымды алу кезінде әр дана үшін кітап формулярына алған күні, қол қоюға міндетті;
  • сырттай оқу бөлімінің студенттері тек сессия кезінде ғана басылымдармен қамтамасыз етіледі;
  • оқытушылар, аспиранттар кітапхананың кез-келген абонементін пайдалана алады (университеттен кеткен жағдайда кету қағазына барлық оқу абонементтері қол қояды);
  • университеттің оқытушылары мен қызметкерлері оқу жылының соңында, яғни 1 шілдеге дейін барлық кітапхана басылымдарын (бірақ 5 данадан көп емес) тапсыруға немесе пайдалану мерзімін ұзартуға, берешектің жоқтығы туралы бақылау парағын алуға және кезекті еңбек демалысына шыққанға дейін оны бухгалтерия есеп айырысу бөліміне тапсыруға міндетті;
  • оқытушылар мен қызметкерлер бақылау парағын тапсырғаннан кейін жазғы демалыс кезінде қажетті әдебиеттерді ала алады.

Кітапхананың оқу залдарын пайдалану ережесі:

  • оқу залында бір мезгілде берілетін басылым саны 7 данадан аспауы керек;
  • оқу залының жабылуына 1 сағат қалғанда басылымдарды “түнгі абонементке” алуға болады, саны 3 данадан аспауы керек (энциклопедиялар және басқа анықтамалық басылымдар, жалғыз даналы және кітапхананың негізгі кітап сақтау бөлімінен басылымдар берілмейді);
  • “түнгі абонементке” басылым оқырманға кепілге оқырманның жеке куәлігі арқылы беріледі;
  • оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысында (СӨЖ) пайдалану үшін оқу залынан құжаттар оқытушының жауапкершілігіне жүктеліп беріледі.
  • интернет желісін оқу залдарында пайдалануға болады;

Электрондық залды пайдалану ережесі:

  • электрондық залда YU –не оқуға қабылданғаны туралы бұйрық негізінде қызмет көрсетіледі;
  • залға алғашқы келген кезде пайдаланушы тіркеуден және залды пайдалану ережесі мен техника қауіпсіздігі ережесі туралы зал қызметкерінің түсіндірмесінен өтеді;
  • интернет желісінде жұмыс істеу үшін жазылу барысында міндетті түрде ақпаратты іздеу тақырыбы көрсетіледі;
  • интернет желісінде жұмыс істеу үшін күніне, студенттерге 1 сағат, оқытушыларға, аспиранттар мен магистранттарға – 2 сағат беріледі;
  • пайдаланушылар құрал-жабдықтарға ұқыпты болуға міндетті, компьютер жабдықтарының жарамсыздығын байқаған жағдайда тез арада зал қызметкеріне хабар беру керек;
  • пайдаланушылар оқу және ғылыми мақсатта 15 минут аралығында электрондық почта арқылы хат жазысу жүргізуге құқылы. Жеке хат жазысуға рұқсат берілмейді;
  • залдарда оқу және ғылыми материалдары бар жекеменшік CD-ROM, аудио, бейнежазбаларды қолдануға рұқсат етіледі.
  •  

Оқырмандардың ҒК пайдалану ережесін бұзғаны үшін жауапкершілігі:

  • ережені бұзған оқырмандар 1 айдан және одан көп уақытқа ҒК-ны пайдалану құқығынан айрылуы мүмкін.