kkruen

Кітапхана туралы

«Ш. Есенов атындағы КМТИУ-дің (Yessenov University-дің (бұдан әрі — YU) жетекші құрылымдық бөлімі болып табылатын университет кітапханасы жұмысының негізгі мақсаты: оқу-тәрбие үрдістерін, оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми зерттеулерін, қызметкерлер, магистранттар, студенттердің кәсіптік білім алуы үшін сапалы ғылыми еңбектермен, оқулықтармен, мерзімді басылымдармен қажетті ақпарат құжаттарымен қамтамасыз ету.

Оқырмандарға тек оқу-әдістемелік бағытта ғана емес, олардың әртүрлі сұранысын қанағаттандыратын ғылыми және кәсіби қызметіне ықпал ететін кез-келген заман талабына сай жаңа ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету, оқу мәдениеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу.

Кітапхананың міндеттері:

  • жоғары сапалы білім беру мен ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету үшін кітапхананы заманауи ақпараттық және компьютерлік техникалармен қамтамасыз ете отырып, ақпараттық-кітапханалық қызметтерді жетілдіру;
  • тұтынушылар ақпараттық ресурстарды еркін пайдалану үшін жағдай жасау;
  • тұтынушыларға кітапхананың ұсынатын барлық қызмет түрлері туралы уақытылы хабарлап отыру;
  • тұтынушыларды толықтай қанағаттандыру мақсатында олардың сұраныстарын зерттеу, ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру;
  • тұтынушылардың талап-арыздарын, кітапхана қызметін жетілдіру бойынша тілектері мен ұсыныстарын шұғыл түрде қарастыру;
  • тұтынушылар мен олардың оқитын әдебиеттері туралы мәліметтерді құпиялықта ұстау;
  • тұтынушыларға қажетті басылымдар кітапхана қорынан табылмаған жағдайда, оларды кітапханааралық абонемент арқылы басқа кітапханалардан сұраныс арқылы алу;
  • Оқыту, кеңес беру, ақпараттандыру арқылы тұтынушылардың ақпараттық мәдениет деңгейін көтеру;
  • кітапхана қорының сақталуы үшін жауапкершілік атқару, берілген кітаптардың кітапханаға уақытында қайтарылуын тұрақты түрде бақылап отыру;
  • қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз ету;
  • тұтынушылардың кітапханадағы жұмысы ыңғайлы болу үшін жағдай жасау;
  • тұтынушылардың кітапхана қорына қолжетімдігін қамтамасыз ету;
  • тұтынушыларға каталогтар жүйесі мен кітапханалық ақпараттандырудың басқа да формалары арқылы кітапхана қорының құрамы туралы толық ақпаратты ақысыз ұсыну;
  • кітапхана тұтынушыларына ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда кеңес беру;
  • тұтынушыларға каталогтардан, картотекадан, мәліметтер базасынан тұратын, оған жергілікті желілер мен интернет желісін қолдану да кіреді, анықтамалық-іздеу аппаратымен жұмыс жасау мүмкіндігін ұсыну;
  • төтенше жағдайлар орын алған жағдайда, тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.