Yessenov University кітапханасы ұйымдастыруымен «Университет кітапханасының ақпараттық ресурстары: мүмкіндіктер мен қолжетімділік» тақырыбында танымдық семинар өтті
•0
💻 Іс-шара барысында білім алушыларға кітапхананың сайты арқылы қолжетімді цифрлық мүмкіндіктер таныстырылып, электронды каталогтан қажетті әдебиеттерді іздеу тәсілдері түсіндірілді. Сонымен қатар 📖 оқу және ғылыми жұмыстарда пайдалануға болатын электронды кітапханалар туралы мәлімет беріліп, тіркелу және пайдалану жолдары бойынша ▶️ видеонұсқаулықтар көрсетілді.
✨ Бұл шара студенттердің цифрлық кітапхана мүмкіндіктерін тиімді қолдануға және білім алу үдерісінде заманауи ақпараттық ресурстарды белсенді пайдалануға бағытталды.
