«Кітап болып жазылған, фильм болып сөйлеген балалық шақ»
•0
Кітап – жүректегі естелікті тірілтсе, фильм – сол естелікті сөйлетеді. Осындай мазмұнды атаумен өткен әдеби кеште қатысушылар балалық шақтың бояулы сәттерін бірге еске алып, шығарманың терең мағынасына үңілді.
Кеш барысында Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» шығармасы талданып, кейіпкер тағдыры арқылы қоғам, отбасы және адам жанының нәзік қырлары сөз болды. Студенттер өз ойларын еркін білдіріп, әсерлерімен бөлісті.
Бұл кеш – жай ғана талқылау емес, жүрекке саяхат, өткенге тағзым, бүгінге ой салған рухани жүздесу болды. ✨
#кітапталқылау #әдебикеш #балалықшақ #руханикеш #оқырманклубы
