Болашақ прокурор
•0
📑25 желтоқсан күні Yessenov
University-не Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасының кадрлық жұмыс департаменті
бастығының орынбасары Ілияс Айбар Жағыппарұлы жане Маңғыстау облысының прокуроры Серікқали
Жанбибекұлы Күшалиев жұмыс сапарымен келді📍
Сапар аясында делегация университет кітапханасында жастардың кәсіби бағдарын күшейтуге бағытталған «Болашақ прокурор» атты арнайы кеңістіктің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл алаң студенттердің теориялық білімін практикалық дағдылармен байланыстыруға, прокуратура органдары кызметінің ерекшеліктерімен
жақын танысуына және заңгер мамандығына кәсіби бағдар беруіне мүмкіндік жасайды📚
