kkruen

«ЖОО кітапханасының цифрлық ресурстары: оқу мен ғылымды қолдау»

0

21–22 қаңтар аралығында ұйымдастырылған «Қысқы мектеп – 2026» аясында «ЖОО кітапханасының цифрлық ресурстары: оқу мен ғылымды қолдау» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара барысында білім беру бағдарламаларын ақпараттық қамтамасыз ету, оқу және ғылыми қызметте пайдаланылатын электрондық ресурстар, халықаралық деректер базалары мен электрондық кітапханалардың мүмкіндіктері таныстырылды.
Семинарда қатысушыларға:
электрондық кітаптарға қолжетімділік жолдары;
ғылыми журналдар мен деректер базаларында іздеу жүргізу тәсілдері;
қашықтықтан қолжетімділік мүмкіндіктері;
цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану жолдары түсіндірілді.
Іс-шара оқытушылар мен білім алушылардың цифрлық ақпараттық сауаттылығын арттыруға және ғылыми зерттеулер сапасын көтеруге бағытталды.
Кітапхана алдағы уақытта да цифрлық ресурстарды пайдалану бойынша әдістемелік қолдау көрсетуді жалғастырады.